Posted in

ҒАЙЫП ЕРЕН, ҚЫРЫҚ ШІЛТЕН

Ислам дінінде адамды жебеп, қолдаушы киелі күш иесі. ~ Жаратқан ием, өзің жар бол! Ғайып ерен қырық шілтен желеп, жебей гөр! Жаппар ием… Т.Әбд. ~ Алла тағаладан, сонан соң жамиғи пайғамбарларға шапиғы келтіріп, әулиелерден медет-мұрап тілеп, ғайып ерен, қырық шілтенге аманаттарым – жалғыз ұлымның амандығы. О.Бөк. ~ Иә, аруақ! Ғайып ерен, қырық шілтен, өзің жар боп, қамқорыңа ала көр. Иә, пірім, апаттан сақта, жол қырсығы, кесір кесапаттан сақта. Бәле-жаладан сақта! – деп, ойыма түскен Фатиха дұғасын іштей күбірлеп, жаратқанға жалынып келемін. З.Нұрт. ~ Жәрдем болсын Құдайым, медет тілеп пірлерден, Жаратқаннан сұрайын, Ғайып ерен, қырық шілтен адасса жолға салып жүр, сыртынан қорғап бағып жүр, Жаратқан Ием қолдасын, Қыдыр болсын жолдасың» деген жерлерді түгелімен алып тастау арқылы қазақтықты іздеді. Н.Абд. ~ «Өлмегенге өлі балық жолығады». Мынау «өлі балық» емес, «жығылғанды қолдан алатын, адасқанды жолға салатын» нағыз Қайыперен – Кырық Шілтеннің өзі сияқты көрінді маған. Ш.Мұр. ~ Ұрған таяқ тиеді, Балаға жаман өтті енді, Мыстанның қолы қатты енді. Жылаған даусын есітіп Біреу келіп қалар деп, Қол-аяғын берік ұстап, Баланы суға атты енді. Ғайып ерен қырық шілтен Түсірмей судан алады. “Мұң. -Зарл.” ~ Еркегүл ауыз үйде біздің иімдерімізбен әуреленіп жүрген енесіне дауыстап:- Апа-ау, өзің айта беретін, ғайыперен, қырық шілтенді түгел шақырып әкеліппіз үйге… Бері келші, бері келші, апа! – деді. Ғ.Мүс.