Махаббат оты; жүрекке терең ұялаған сүйіпеншілік зары. ~ Қайысым жүрсе қуанып, Қайғысын мен– ақ татайын. Ғашықтықтың, дертіне Күн сайын әрі батайын. Шәк. ~ Сол Естай бай баласына күйеу жолдас, әрі ақыны болып Маралды деген жерге барғанда, Қорлан атты сұлу қызды көріп ғашықтық дертіне шалдығады. Б.Тоғ. * Бұрын қызбен кім жүріп көріпті, содан ба, Сәлимаға мен құлай жығылдым. Ғашықтық дертіне шындап шалдықтым, күйдім, жандым. Ә.Асқ. * Ғашықтық дертінің пенде шіркінге екі қайтып келмейтіні рас та шығар. Қ.Ысқ. * Сөйтем деп жүріп өзім де ғашықтық дертіне шалдығып қалғанымды білдім. Ә.Асқ. * О, тоба, дүниеде жынды мен ғашықтық дертіне ұшырағанға ем қонбайды деген рас екен-ау!.. Т.Сәу. * Оны намыс қуып келе жатқан жоқ. Мақпалсыз өмірден мән кеткендей, ғашықтық дерті бір орнында жатқызбайды. З.Шүк. ~ Ғашықтық дерт бойдағы бар асылым, Ұлы жолда қайралдым да, жасыдым, Аяқ асты болмас үшiн сұлулық Қара шаш пен ақ тамаққа жасырын. Қ.Бегм.
