Posted in

ҒИБРАТ (-ТЫ) СӨЗ

Үлгі аларлық, өнеге боларлық әңгіме, сөз, ақыл, кеңес. ~ Аудандық милиция начальнигі Полетаев жолдастың осы бір ғибрат сөзі кенет есіне түсе кетіп еді. С.Ом. ~ Автор. Генералдың өзіңіз тікелей естіген ғибрат сөздерінен айтпаған екенсіз ғой. Бауыржан. Генералдың біздің батальонның окоптарын аралағандағы бір сөзін айтайын деп едім, айтпадым. Өйткені правдашыларды да аяу керек қой. Ә.Нұрш. ~ Қандай ғибратты, ұлағатты сөздер! Өмірге деген қандай құштарлық, іңкәрлік! И.С.Тургеневтің ақтық демі алдында Л.Н.Толстойға жазған аманат хаты сияқты әсер етеді. Г.Бельг.