Өнеге тұтты, үлгі санады. * Ғибрат етіп Алланың дүниесін,Ойланып отыр еді әр немесін. Шәк. * Осы қыста: «Әлиф деп ай юзіңе ғибрат еттім» деген бір кітапша сыпайы жыр жазды. М.Әу. * Мұсылмандар ғибрат етуші еді, Мұндар-тірлік мұқалтып, ескі кеткен. М.Мақ. ~ Кейбіреулер басшысына, дос, жолдасына тірісінде жалбақтап жүргенімен, көзі жұмылысымен көңілінен шығарып қоя береді. Өлгеннің өнегелі ісін ғибрат етіп отыру орнына, оның атын да ауыздарына алмайды. Ә.Нұрш.
Үлгі-өнеге тұтты. ~ Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Абай.
