Posted in

ҒЫЛЫМИ АЙНАЛЫМ (АЙНАЛЫС)

Ғылыми ізденістер, іс-шаралар, зерттеулер аясы. * Құнанбай мен Абайға қатысты орасан зор архив деректерін тауып, тұңғыш рет ғылыми айналымға түсірген Мұздыбай Бейсенбаевтың еңбегін ерекше атап өту парыз. Т.Жұрт. * Əсіресе, 1937- 1938 жылдардағы репрессияға ұшыраған жəне Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қоғам, қалам қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеудегі, ғылыми айналымға өндірудегі еңбегі ерекше. З.Қабд. * Ғаламда әлі ғылыми айналысқа түспеген түсініксіз құбылыстар қаншама! Қ.Жиен. * Мұны пәлсапашылар, психологтар, социологтар тағы сол сияқты түрлі саланың мамандары талдап, жіліктеп, адамзат қоғамындағы алуан-алуан көрінісін, сипатын ғылыми айналысқа енгізгелі талай-талай ғасырлар өтті, алда да солай бола бермек. Ж.Аязб. * Асқар ағаның сөзiн қайталап, «жазба мәлiмет болса, қазақ календары деген ұғымның ғылыми айналысқа енуi ғажап емес» дедi. Т.Әсем.