Posted in

ДАБЫЛ ҚАҚТЫ (САЛДЫ, СОҚТЫ, БЕРДІ, ҰРДЫ)

Төнген қауіп-қатер туралы ескертіп, әскерді (елді) көтерді. * Қасым Шу бойына көшіп келісімен, «бәлем, сені ме!» деп Мұхамед-Шайбаниға әбден өшігіп алған қазақ халқына дабыл қақты. І.Есен. * Сол бір пейіштей көркем қойнауға быжынап көп шатыр қонды. Барлық кернейлер тартылып, барлық дауылпаз дабыл қақты. Ә.Кек. * Бөлмелерде, қорада, көшеге де сол бір хабарды байлау етіп: “мұсылманшылық қағидасы бойынша тез қою керек” – деп жатыр. Дабыл салып тұр. М.Әуез. * Жарық ерке елдің ері, Дабыл соқса самғаған. М.Әуез. ~ Қайтарда да манағы шеру сапқа тұрды. Қайтарда да манағы шетсіз–шексіз ұзын саптардың алдынан өтті. Қайтарда да манағы керней шалынып, манағы дабыл соғылды. Ә.Кек. ~ Генерал аспанға мылтық атып дабыл берді. Сол бойда қауқылдасып қасына жетіп келген казактарды әлгі қалың қайыңға қарай жұмсады. Ә.Кек. ~ Хабар жеткен Келдібек, дереу дабыл ұрып жасағын атқа қондырды. Бұлар да хан келе жатқан жаққа құйындата жөнелді. І.Ес.