Posted in

ДАБЫРА ҚЫЛМАДЫ

Артық шу көтермеуге тырысты; көп жұрттан жасырып қалды. ~ – Жарайды, Байсерке де, Ысқақ та біздің назарымызда болады, — деді Матен– амбы орындыққа шалқая түсіп. — Жаңағы зәңгілер таяу күндерде менің алдыма келетін болсын. Тек жұртқа дабыра қылмай, елеусіз әкеліп, жеке– жеке жолықтырыңыз. Қ.Жұм. * Дабыра қылмай, өзiмiз-ақ үндерiн өшiремiз деп ойлағанмын. Бiрақ әл беретiн емес, өршiп барады. Т.Сәук. * Көзі қызарып, мең-зең меңірейіп жүретін сары баланың сырын алғаш сезген класс жетекші апай болды. Байбалам салып дабыра қылған жоқ. Т.Сәук.