Posted in

ДАЛ БОЛДЫ (ҚЫЛДЫ)

Не істерін, не ойларын білмеді; басы қатып, әбігер болды. ~ Бірақ көздегеніне жетер дәнеңе таппай дал болды. Н.Дәутай. * Әлгі сөз, шынында да, жұрт аузынан естілген өсек пе, жоқ әлде Қалампырдың өзі ойлап тапқаны ма, мен біле алмай, дал болдым. Б.Соқп. * Бұның не екенін, неге жорырын білмей ақылы дал боп тұрғанда, екі түйір шоқ тағы да тап жаңағы жерден маздап қоя берді. Ә.Нұрп. * Ол тек кеше ыққан үш кісінің бірі қайда кеткенін білмей, ақылы дал боп ойланып қала берді; оны әсіресе дал қылған – мұзда ығып бара жатқан екеудің бірі – әйел… Ә.Нұрп. * Нарғазыға ол өте қиын сұрақ қойды. Оның өзін де дал қылып жүрген мәселені бажайлап бер дейді. К.Қаз.