Босқа кетті, еңбегі еш болды, зая кетті. * Шынын айтқанда, біз екі империяның арасындағы «шыбын» болдық қой. Қаншама қан төгілді. Қаншама еңбек далаға кетті. Ж.Баб. * Ол кетіп бара жатқанда Бике шаңқ етіп: – Қанды көз, сен жаман саудагер екенсің, алтының далаға кетті ғой, сəнді Сүлеймен келіп, мені алып кетеді, – деді. Ж.Айм. * Садақ қолда, саржа ауызында тістеулі еді. Бірақ, ашу қысқан асыққан күйі, төрт оғының ұшеуі далаға кетті. З.Шүк.
