Posted in

ДАЛАДАЙ ҚАН ҚЫЛДЫ (ҚАНАДЫ)

Қан-жоса қылып, ұрып-соқты. * Тіпті кеше өзінің туысы – Сары Шаяны да жұрттың көзінше араша бермей шырылдатып сабап, беті-аузын даладай қан қылды ғой. Ә.Нұрп. * Көк темірді шайнап тастағысы келгендей, азу тісін шақырлата басып қалып еді; асты-үстінен бірнеше тіс сынып, аузы даладай қанады. Ә.Нұрп.