Posted in

ДАМЫЛ АЛДЫ

Тыным тапты, көңілі жайланды. * Құс ұшпастың даласы Неше күндік шөл еді. Дамыл алмай үдеріп, Таңдайы қатып түнеріп, Асуда қиын жер еді. “Қыз Жібек”. * Үлкендер, еркектер тойған сиырдай тырайып дамыл алуға кіріскенде, қыздар қызыл құнажындай қылаңдап, сылаңдап, шоқтанып, топтанып, сылдырлап, былдырлап, Шідертіні өрлей Рақыш ауылына бет қойды. Ж.Айм. * Жеті-сегіз жігіт бағанадан бері әлі күнге шейін табақ тасудан дамыл алған жоқ. М.Әуез.