Posted in

ДАЙЫН АСҚА ТІК ҚАСЫҚ

Еңбек етпей ішіп-жеуге, біреудің еңбегін пайдалануға, масылдыққа дағдыланған адам. ~ Бақ пен тақтан басы айналып, көзін шел басқан, ақыл-парасаттан айрылған ханның ойынша елдегі қарт кісілердің бәрі дайын асқа тік қасық масылдар екен. С.Досан. ~ Өздері арамтамақ, көбіне үй ішінде, тамақ көп жерде күнелтеді де, өз беттерінше азық тасып, еңбек ету, қамдану дегенге атымен жоқ. Даярға «тік қасық» болуға дағдыланған әбден. Ш.Құм.