Тынымс таппай, дем алмай, бел шешпей. ~ Жер нәресте, жас бала, Жаңа оянып жатқанда: «Жұмсақ, жылы бетінен Тәтті ғана сүйсем!» деп Күбірлеп өкпек жел жүрер. Дамыл алмай жылар қар, Ақ шымылдық ашылар, Сылқ-сылқ күліп, сылдырлап Бірдеңе деп былдырап, Көрінгеннен сүйінші, Сұрайтын жас баладай. М.Жұм. ~ Үй іші жым-жырт. От әлі маздап жанып жатыр. Үлкен қазанның астын қызыл жалын дамыл алмай жалап тұр. М.Әуез. ~ Айыптының жүзі төмен ғой, ауыл адамдары Темір елінен келген жігіттерді жүгіріп жүріп күтіпті. Аяғының ұшымен кіріп, қаңбақша қалқып, дамыл алмай дастарқан тасыпты. Б.Мом.~ Алғаш ұйымдасқан күннен бастап Мюлгаузеннің отряды Ембі мен Арал қаласының екі арасын жаудан қорғап, темір жол бойымен дамыл алмай арлы-берлі жосыды да жүрді. Ә.Нұрп.
