Әлдебіреуді (әлденені) жер-көкке сыйғызбай мақтады, дандайсытты; жоқтан өзгені дабыра қылды. ~ Қайғысы не? – деп Абай кейде шешесінен сұрайды. – Әйтеуір, үлкен қасиеті – болымсызды дардай ғып мақтай беретін әдеті жоқ екен. М.Әуез. ~ Лексей Лексеич деп дардай қылған риясыз көңіл бір ғана рақметке тым тегін деп түсінген бала көзінде қайтсем қызметімді өткізем деген дағдарыс та жоқ емес. Қ.Ысқ.
