Үлкен суды (өзенді, теңізді, көлді) кешіп өтті. ~ Біресе жүйрік желдей кетеді есіп, Асқарды аттап өтті, дария кешіп. Біресе әлдекімге тіл қатқандай, Желменен жапырақтай күбірлесіп. М.Жұм. ~ Нұреке, дария кешiп көрiп пе едiң?– деген Қамбар әзiлдеп. – Жоқ, – едi Нұрәлi күлiп. – Тау асып, шөл басып көрiп едiм. Дария кешiп кiм көрген?! К.Сег.
