Қонақасы берді. ~ Аптаның аяғында әлгі қыз редакцияға тағы келді. «папам, мамам сізді үйге қонақасыға шақырып жатыр, түнеукүні қызымды шпанаға шоқытпай, қараңғыда қорқытпай дін аман үйге жеткізіп салған нағыз джентельмен екен, ризалығымызды білдірейік деп дастарқанын жайып күтіп отыр», – дейді-ақ ақүрпек қыз төбеден түскендей етіп. Д.Дос. ~ Алдында ақ дастарқанын жайып Қазақ даласы жатыр. Қарсыдан толқи ескен жұмсақ самал еппен желпіп, көңілінің бұрышындағы болмашы тұманды лезімге айықтырды. Ж.Шәк.
