Қолы ашық; қонақжай, жомарт. ~ Мырза Таңсыққожаның дастарханы кең. З.Шүкір. ~ Алды кең, дастарханы мол. Бірақ болмашыға тарылып тырыса қалатын қызық әдеті бар еді марқұмның. Т.Сәук. ~ Бұл күнде жасы елуден асып, еті ауырлап, толыса түскен Ажар бәйбіше бір ауылдың анасындай, қолы ашық, дастарқаны мол, аса байсалды кісі еді. Қ.Жұм. ~ Қашан кемпірі қайтыс болғанша осы өңірдегі ең бір қонағы үзілмейтін, дастарқаны мол, меймандос үй еді. Ә.Нұрп.
