Posted in

ДАСТАРХАНЫН АТТАДЫ

Біреудің ұсынған асын қорлады, дәм татудан бас тартты. * Өзі бір июге келмейтін неме ме, Әкімбектің тай соймақ боп шақырғанына келмей сағын тағы сындырды. Кешегі патша заманында да, жаңа өкімет тұсында да еш адам Тойшы әулетінің дастарқанын аттап өткен емес. Б.Тоғ. ~ “Сен… тұқымыңмен еңбекші халықтың қанын сорып келген қорқауларсыңдар!.. Енді келіп, еңбекші халықтың мына дастарқанын аттап… кекірейіп, менсінбей кеткің келіп тұр, ә… Ойының келген екен… сенің… еңбекші халықтың мына кешегі батырақ ұлдарымен?! С.Ел.