Дау-дамай десе жаны қалмайтын, өсекке жаны жақын адам туралы. * «Әлдекей түсіп жатыр» дегенде, ақсақал: «Осы да қаңғи береді екен!» деген. Өйткені, Әлдекей жоқ қуып, дау сауып, ел кезе беретін, өзі кедей болса да, еті тірі кісі еді. Ақсақалдың әлгідей дегені болмаса, Әлдекейден пәлендей жиренген жоқ. Ж.Айм. ~ Шын сын болар тосқауылға тірелгенде, жоқты сылтауратып әділет таппай әрекет қауып жатқанымыз қалай? Дау саумай, тірлік қамдайық, ағайын. Менің айтарым осы, – деп Бұқар қиналып тоқтады. С.См.
