Жан даусы шығып, айғай салды. ~ Есiне манағы әншi құс – бұлбұл түстi. — Қайда, қайда жiбердiң сен сол бiр дауылманды? Даусы жер жарып, тұла бойыңды ұйытады. Қасына барсаң лып етiп ұшып кетедi. Р.Рай.~ «Əкесі өлгенді де естіртеді ғой, айтайын» – деп ойын жинап алды да, бұл да даусын қатайтып: – Мен екіқабатпын, қайтеміз? – деді. – О, не! – деп даусы жер жарардай болып, мұрты едірейіп, жанына жетіп келді. С.Досж. ~ Саусағым талып сырқырағанға қарамай – үрпіні үзбестен созамын, толған шелекті көмекші келіншек үйге тасып әуре, сонадайда асаумен алысқан Сейілбек үні жер жарады. Д.Дос.
