Дауысы қатты; дақпырты күшті. * Бір сөздің кезегінде Нияз Жетеске: — Уа, Жетежан, дауылпаз деген құс болады, дауысы жер жарады. Жанына барсаң, ұлтарақтай көн болады дегендей Жетес атың жер жаратын еді…— депті. “Шешендік сөздер”. * Өй, әкеңнің… Айт, айтақ! Жағымсыз дауыс жер жарды. Д.Досж. * Дүние шырқ көбелек айналғандай, біресе құлдырап жүгіріп аласұрып ашыққандай. Шапшып, секіріп дыбысымен жер жарып, басты қаңғытқандай. М.Әуез. * Тау өзені көпіріп, көп сөйлейтін мақтаншақ, даңғой адамға ұқсайды, – дедім мен. – Қарашы, суы тізеге жетпейді, шуы жер жарады. Ә.Нұрш. * Анадайда топталып тұрған балақайлар тым-тырақай қашты. Қара қатынның дауысы жер жарады. Н.Дәу.
