Posted in

ДЕГБІР САЛДЫ

Әбігерін шығарды. ~ Патша мұны естіген соң қуанып кетіп: – Қазір жігітті шақырып кел, – деп бұйырды. Уәзір де дереу жігітке барып дегбір салып: – Сені патша шақырып жатыр, тез жүр! – дейді. Жігіт естіген соң патшаға келіп, сәлем берді. БС. ҚЕ. ~ Келген бойы Әлидің ауылын тінтіп, үйді-үйін қарап, бірден қызды іздей жеткен. «Тап» деп, екі полицей Әлиді екі жағынан ортаға ала дегбір салып, ай-шайға қарамай ауылды үркітіп оны сабай бастаған. Ж.Ахм.