Айтқанын істеді. ~ Қызыл жұмыртқа мейрамына дейін Лененің дегенін қылып Менкенің сөз жүгірткені сонша, жұрттың бəрі Некалайдан көңілі шығып болды. Ж.Айм. ~ Қару-жарағы қолында, келеді де алады. Бермеймін дегенді ұрады, қырады, дегенін қылады. «Анархия» яғни жүгенсіздік қалып деген осы болар. С.Сей. ~ Құдайдың пайғамбары болған Месқарын Мертікбұғананы шақырып, өзіне абыз қылып сайлады. Сейтіп, Мертікбұғана Месқарынның өкілі болды. Соның не дегенін қылды. Екеуі де өзге жұртты өзіне қызмет қылдырды. Ж.Айм.
ДЕГЕНІН ІСТЕТТІ
~ Қазіргі мезгіл елге тегіс ауыр тиген 16-жылдың реквизициясы күшіне әбден келіп, дегенін істетіп жатқан кез болатын. Ырғайлының жігіттері топ-тобымен «прием» жасап жатқан Ақтас бекетіне кеткен.М.Әу.
