Posted in

ДЕЛ-САЛ БОЛДЫ

Не істерін білмей, екі ұдай күйге түсті; мәңгіріп қалды. * Жалғыз Қартқожа емес, күллі ел дел-сал болды. Ж.Айм. ~ Не түсерін, не түспесін, не қару жұмсап қарсы амал жасарын білмей дел-сал болып қалған Әжіғалидың көзі аттан қарғып түсіп жүрелеп отыра қалған Құныскерейдің қолындағы шолақ мылтықты көрді. Х.Ес. ~ Опаланған, өрттей қызарып кеткен Берсенев пен Розен дел-сал болған қалпы диванда отыр. В.Наб.