Тұрған жерінде айналшықтап, мәңгіріп, есінен айрылып қалғандай д.м. ~ Ең алдымен, адамға өзге астан су қымбат екен. Кеуіп шөлдеген тұтқын қапастағы жолбарыстай қарайды. Көз үңірейіп ішіне кіріп, қып-қызыл болып жайнайды. Сөйлеуі азая береді. Делбе болған жылқыдай сенделеді. Бәрінен бұрын су керек. С.Сей. ~ Бір жақ бүйірде елден оқшау отырған Нартай молда делбе болған жылқыдай жиі қозғалақтай берді. С.Ом. ~ Делбе болған жылқыдай, мына қызталағың неғып отыр ет жемей, — деді Жамбыл Сәбитке, сақалын шошаң еткізе, мені иегімен нұсқап. Ә.Нұрш. ~ Ол орнынан әрең қозғалып, үш бұрыштанып үркердей топтасып тұрған қалың шардың шет жақ шекесін сипап қана өте шықты. Содан кейін бір-екі домалады да, серке шар, делбе болған жылқыдай, тұрды да қалды. Ә.Нұрш.
