Мәңгіріп, есінен айрылды. ~ Дағдарып отырып, аз қалған әлін жиып, делбе болғандай сенделіп беті ауған жаққа екеуі жүреді-ау! Ел жоқ, күн жоқ, ақырғы күштерін жиып тағы жүріп, бір жерде құлап қалады-ау. С.Сей. ~ Занко үйге түнемеген күні Едіге кірпік ілмейтін: табанына шоқ қадалып, безіп кететін. Сенделіп жүргені жүрген: жүрегі лүпіл қағып, бір тыным таппайды, үйге мың кіріп, мың шығады. Еш затқа зауқы соқпайды, қолы да іске бармайды: нағыз делбе болып алатын. Т.Ораш.
