Posted in

ДЕМ БЕРДІ

Рух қосты; қолдады; қолпаштап, қолтығына су бүрікті. * Ұран қосқан дем беріп ұраныма, Дүние өзгермей осылай тұрады ма? Р.Нияз. * Ол бұзақы, заң қармағынан қайда барады. Қайта ол туралы білгенің болса тағы жазып әкеліп тұр — деп дем берді. С.Бег. * Шығып келе жатқан күнді құттықтап құстар ән салып, оған шегірткелердің шырылдағаны дем беріп, жер-жиһан біртүрлі ғажайып шаттық үніне бөленді… І.Ес. * Жұртқа таба болған талайына араша түсе алар едің ғой. Сенің қол беріп, құшағыңа қысқаныңның өзі соларға дем беріп, еңсесін тіктер еді. С.Әбік. * Бас-басыңа бір жандық, Дем бермесең, біз қалдық. Асқар төбе бел өттік, Белден асып ел кеттік. А.Байт. (“Қ.Қ.Қоб.”)