Posted in

ДЕМБІ СОҚТЫ (ҚАҚТЫ)

Су болмағанда топыраққа алақанын басып, дәрет алу ғұрпы (діни). * Жұрт жиналып, өзді-өзінің өлігіне құран оқысып болған соң, Қосымбай молда түрегеліп: — Дәреті жоқтарың дембі соғыңдар! Садақа беріп, аруақтан медет, құдайдан тілек тілеп, екі рақат намаз оқиық!— деді. Дәретсіздер алақанын топыраққа соғып, дембі қағысты. Ж.Айм.