Posted in

ДЕМІ БІТТІ (ТАУСЫЛДЫ)

Көз жұмды, өлді. * Кірпігін әрең қағып, аз уақыт жатқан соң, ақтық күшін жинап, қатын-балаларын шақырып алып, қол ұстасып, қоштасты. «Сендердің алдында… алғанына… арманым жоқ… кемпірге… көздерің… қырын салыңдар.. қош… кешіңдер…» деуге тілі әрең келді. Батар күнмен бірге соңғы демі бітті, көзі жұмылды. Ж.Айм. * Машинадан түскен үш адам ескі жұрттың қасына таяным, үнсіз қарап тұр: «Бұл арада да бұрын адамдар тұрған, өздерінше қаракет жасап, тіршілік еткен. Талай қарт, талай қыршын жас осы жұртта демі таусылып, дүние салған. С.Жүн. ~ Қария тұр сүйеніп таяғына, Таусылар кезі демнің таяды ма? Сені мен мендей ол да желбастанып, Ауылын тастап кеткен баяғыда. А.Әл.