Ерте де, кеш те емес, керек уақытында. ~ Зиянды саудаңды пайдалы қылуыңа болады, дер кезінде пайдаланып қал, неге десең, өмірі мен саған ене қасқырмен бір есеп боламын. Ж.Айм. ~ Сарының жер иіскеп келе жатқан басы қарауылға іліне бере сұқ саусақ өз міндетін дер кезінде орындады. К.Сег. ~ Бұл – тұспал мен емеуірінге құрылған әңгімелердің бір парасы туралы дер кезінде жазылып қалған ойлар. Т.Жұрт. ~ Екеуі де бір шамада дүниеге келіп, бір-біріне дер шағында кездескеніне дән риза. С.Шай.
