Әлдебір кеселге тап болды. ~ Ал Айша болса, ғашығына келе жатып күншілік жер қалғанда дертке шалдыққан. Сөйтіп қосыла алмаған, арманда кеткен! С.Шай. ~ Мұқаметқали әкесіне тіл қатпаған. Өйткені бар ықыласы ана қызда болатын. Сол бір сүйген қызы дертке шалдығып, көп тұрмай өлген-ді. С.Бег. ~ Ал дерт деген не? Кісі махаббаттан да ауыра ма? Көңіл күйімнің төмен тартып отырғаны болмаса, дертке шалдыққан түгім жоқ… Б.Тоғ. ~ Пай-пай, бұл апаң жас кезінде әйелдің сұлтаны еді-ау. Талай жігітті дертке шалдықтырған. Ә.Әл.
