Posted in

ДЕС БЕРГЕНДЕ (БЕРІСІНДЕ)

Сәті болғанда, құдай оңдағанда. ~ Дес бергенде, Малтабар Шыңғысты өте жақсы қабылдады. С.Мұқ. ~ Шиеленіс солай шешілсе, бұл бәз-баяғы «үмітсіз-шайтан» деген қара дүрсін фабула болды ғой деп кітапты жаба салар едің. Дес бергенде олай болмай шықты. Ш.Елеу. ~ Дес бергенде, үлкен бастық қазақ екен, одан кейінгі де қазақ, одан кейінгі де қазақ… Т.Сәу. ~ Тайлы таяғымен шығып, күн алысады, түн алысады, бірақ жаһанды жалпағынан жайлап алған қара өрттің беті қайтпайды. Құдайдың дес берісінде, қара нөсер төгіп берсе, сонда ғана басылады. С.Шай. ~ «Малдың иесі болса, бөрінің тәңірісі бар» деген емес пе, мені де құдай құр тастамады, дес бергенде бірлестіктегілердің көбісі ортақ малды өзімдікі деп жан ашыр лықпен қарамайды, жан тыныштығын күйт тейді екен. Ш.Рах.