Тыным көрмеді, бір орында отыра алмады. * Уәли сол алғашқы күні түнде дәйек таппай кейін қарай жүре берді. Т.Ахт. * Бір орнында дәйек тұтып тұра алмай, безектеп жүгіріп кетті. Ә.Нұрп. ~ Адамның ақыл-ойына тән тұрақсыздық пен жұрт біресе олай, біресе бұлай ауытқып дәйек таппады. Ж.Верн. * Қимылдары байсалды, сабырлы. Алғаш ұрыс алдында солдаттардың дәйек тұтпай, абыржыған кездері түсті генералдың есіне. Т.Ахт. ~ Көрінген жерге саңғыған тақтақ құс тәрізді, бір орнында дәйек тауып қызмет істей алмай жүрген берекесіз ұлының жетпейтін жерін енді келіні жабатынын ұқты. І.Ес.
