Жолы түсті. ~ Бикештің қазіргі жүдеулігін, сынықтығын түз тұрмысына үйлесе алмаушылықтың зардабы деп жориды. Олай болса, сұлу қыз ертең дәм-тұз жазып, қалаға барып орналаса қалса, бұрынғы гөй-гөйіне қайта баспасына кім кепіл?! Т.Әл. ~ Қайтейін енді… Жүрем деп тұрған адамның жолын бөгеу – жаман ырым десетін. Дәм-тұз жазса, тағы да кездесерміз. Б.Тоғ.
