Ажалы жетті, ғұмыры таусылды. * – Жіберген адамдарың тез келе ме, жоқ па, тез келмей сайтан қулыққа бассаң дәм-тұзың бітті дей бер, –деп әкіреңдеді. Ж.Шәк. ~ Қарағым, бүгін бе, ертең бе — мен бұл дүниеден өтемін. Дәм-тұзым таусылғанын біліп жатырмын. Б.Тоғ. * … отырған қарт балаға қарап: — Балам,анаңның бұл қорқынышы орынды, алайда,сен айтып отырған әпкеңнің тағдыры солай болып тұр ғой. Ол қалаға келмесе де дәм тұзы таусылар еді. Оған қаланың еш қатысы жоқ. А.Әлт. * Менің кіндік қанымның Алтайда тамғанын да жақсы білесің, ал енді дәмім таусылса Баркөлде қалмақпын. Бұл да Алланың жазған жазу, сызған сызығы болар. Ж.Шәк.
