Posted in

ДӘМ ТАРТТЫ

Тағдырдың айдауы туралы. * Қайдан байқасын: төрде әп-әсем жігіт отыр, өзі әп-әсем қыз. Сонда-ақ қарт: «Әй, шарағым-ай, сені де бөтен ауылдың дәмі тартып жүр екен» деп түйген. Ж.Нәж. * Ал ертең кеш болады. Кеш… Бетің ауған жаққа кетіп қалып, дәм тартқан жерден байға тисең… Ол кім?.. Н.Дәут. * Қасеке, байқаймын, Сіз үшін майдан жолы Карпатта аяқталған тәрізді. Елге қашан және қалай қайттыңыз екен? Дәм тартса… А.Жақс. ~ Теміржол керуенсарайына кім келіп, кім кетпеген?! Сіз де, менің ойшыл оқырманым, дәм тартса келесіз бір. Сонда көресіз: ерсілі-қарсылы ағылған жұртты әр заманда, жылдың әр мезгілінде осында бас сұғып, табан тіреген әріптестерім деп ойлаңыз. С.Сағ.