Ішіп-жеді, асқа ауыз тигізді. ~ Бұл не десін. Тығырыққа тірелген жері осы болды. Төбеден ұрғандай ғып шындықты қалай айтпақ? Қанша дегенмен, дастарханынан дәм татып жүрген адамы емес пе. Т.Сәу. ~ Шыңғыс ризашылық білдіргендей, күймесіне беттеуге ыңғайланған: – Сабыр, төрем! – деді Күлеміс, – «қуыс үйден құр шықпа» деген сөзі бар ғой, аталарымыздың? Дәм тат. С.Мұқ.
Қызығын көрді. ~ Еркіндіктің ерке желімен жарысып, ой мен қырдың аражігін ажыраттпай, бұла боп өскен бұғы дәл қазір өмірдегі жаман-дық пен жақсылықтың уланған бастауынан дәм татты. О.Бөк. ~ …ағаш тілетін шаруалықтың осынау қожайыны, атаққұмар әрі сотқар болатын, талай қыздың қызығынан дәм татқанымен, әлі күнге дейін ешкім оны бірде-бір рет тәубесіне келтіріп көрмеген еді. Ч.Павезе.
