Намаз алдында жуынып-шайыну. ~ Ақыры ешкімге айтпай бір байламға келді. Жуынып-шайынып, дәрет алып, таудың таза қойнауына барып дұға оқуға кірісті. Ж.Шәк. ~ Таң сыз бере Шырылдауық Шәріп жез құманын алып, дәрет алуға тысқа шыққан. С.Елу. ~ Екінші бұрышта кіші дәретке отыратын параша ыдыс. Қақпағы да жөнді жабылмайды, дәрет сындырғандар салдыр-гүлдір еткізіп, әйтеуір бір боқтап қояды. З.Нұрт. ~ Менің есіме Апамның бес уақ дәрет алып, намаз оқыған сайын тісін түзбен ысатыны, тіпті осы кісінің сексеннен асқан жасқа дейін бір жерім ауырды, не шаршадым, жалықтым деп қабақ шытпағаны түсті. О.Бөк. ~ Дәретті сындыруға рұқсат жоқ, Бұл азап бәрінен де қиын келді. Қолымды бір сәтке де босатпадың, Қайран күн баста
тұрған қиын да енді. БС. “Жақыпберді б.”
