Бүкіл елге жайды, мақтан қылды, көкке көтерді. * Ел босқа айтады екен дәріп қылып, Келіп ем қайтарар деп қарық қылып. Сондағы бар алғаным тоғыз қара, Орнымнан тұрғызбадың, арық қылып. Шөже ақын. ~ …білетін жұрт оны сыртынан: «Сексеннің жуан ортасына келгенше атқа өзі мініп, өзі түседі», «асау тайды өзі үйретіп мінеді», «дәрі-дәрмегіңді әуес көрмейді, ауырса адыраспанға шомылып, ащы жусанға аунап жүріп кетеді»,— деп дәріп қылатын. Б.Тоғ. * «Елге қызмет қылам» деп жайып дәріп. Басында еліксе де қолын сілтер, Біраздан соң қазақ та құлқын танып. С.Торы. * Бұрынғыша бүткiл уәлайатқа жар салып, атшаптырып, дәрiп шашуды өзi… Б.Алд.
