Posted in

ДӘРМЕН КҮТТІ (СҰРАДЫ)

Қолдау күтті, көмек сұрады. * Олар, әншейінде: «Елім, жерім!» – деп өзеуреген жазушы ағаларынан: «Міне, біз ұлтымыз үшін ұрандап шықтық. Өздеріңіз қайдасыздар? Нағып бұғып жатырсыздар!» – дегендей боп дәрмен күтеді. Олардың дауысында ыза да, өтініш те, ашыну да бар. Т.Жұрт. * Бұл – мына «Қазақстандатып!», «Ағалап», жазушы ағаларынан дәрмен сұраған аңғал жастардың ертеңіне жаны ашыған ағаның аяныштан туған көз жасы еді. Т.Жұрт.