Posted in

ДӘТІ БАРМАДЫ

Жүрегі дауаламады. ~ Дәнеш қолғабын шешіп, алақанымен құлағын, шекесін ысыпысып қойды. Қармен ысқылап алсам ба екен деп ойлады, бірақ шананы тоқтатып, сәл де болса жолдан қап кідіруге дәті бармады. C.Мұр. ~ Иә, мен уәде еткен едім. Кешіріңіз, Мая Денисовна! Сөзімде енді тұра алмадым. Сіз туралы сырға құлып салып қоюға дәтім бармады. К.Қаз. ~ Ұлтуғанға оның мына түрі де, мінез-құлқы да ұнаған жоқ. Тіпті бір кездегі өзі ғашық болған Орақ осы деуге дәті барар емес. С.Мұр.