Posted in

ДӘУЛЕТ ҚОНДЫ

Тұрмыс-тірлігі түзелді, байыды. ~ Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім – ешнәрсе малдан қымбат демейді. Абай. * Қазір ойлап қарасам, адамның басына шын дәулет қонғанда, сатырлай жауған жазғы жауындай емес, адамның өз әрекетінен, өмірге, халыққа істеген игілігінен, біріне-бірі ұласып, өніп-өрбіп, бақыт болып аталып келеді екен ғой. Өстіп тапқан бақыт қымбат емес пе! Ш.Айт.