Posted in

ДӘУЛЕТ ҚҰСЫ

Басына қонған бақ-дәулет, бақыт. ~ Үйсін Төле бидің Түйесін баққан құл едің. Жиырма жасқа жеткен соң, Дәулет құсы қонды басыңа, Қыдыр келді қасыңа, Бақ үйіңе түнедің, Ақ сұңқар құстай түледің, Алыстан тоят тіледің, Қылышыңды тасқа біледің… Бұхар ж. ~ Жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу қатын. Жігіттің мал мен бағы, дәулет құсы Қатының жақсы болса жайлау жердей. Онымен өмір сүру, биік өрдей. С.Мұқ. ~ Ұшты, Қайша, басыңнан дәулет құсың, Тіршілікте опасыз дүние құрсын. Аққу құстай аймалап отырсам да, Келер емес айналып көңіл қошым. Б.Тоғ.