Ықшамдық, икемділік, зыр айналған шапшаңдық бейнесі. * Директордың кабинетіндегі диірменнің тасындай дөңгелеген майда жүрісі өзгерген. М.Қаб. * Әзірге Абыралы бөлім жұмысын диірменнің тасындай дөңгелетіп тұр. Есесіне кезекшілігі мандымайды, екі рет қате жіберді. М.Қаб.
Ауырлық, күштілік, үлкендік сипаты. * Әлден уақытта тура қара құсымнан диірменнің тасындай бірдеме сарт ете қалғанда, есімді жия келсем, киіз үйде айнала қоршаған өзіміздің жігіттер отыр. С.Жүн. * Көптің көзі шарасынан шығып, әр жауырыны диірменнің кесек тасындай жігіттің тұлғасына қарасты. С.Жүн.
