Әкіреңдеп, қоқан-лоқы жасады; басына әңгір-таяқ ойнатты. * Шал дағы дереу дайын бола қалды, Бір дорбадан көмір мен көрік алды. Екеуі сәлемдесіп болғаннан соң: – Мысың қайда, балам? – деп дігір салды. Абай. ~ Орайы келді деп, Халелдің ұрылғанын жебеу етіп Қарасай совхоз кеңсесіне дігірді сала кірген… С.Жүн. * Бұйрығы шалт. Өңі өрт өндіргендей… — Давай, ауылнай жолдас, елді жина! Сходу, Тез! — деп дігір салды. С.Елу. ~ Құлагер өлімінен соң астан реніш, қайғымен кеткен қарт, ел азаматтарының қайсыбірі қиыла сұрап, қайсыбірі дігір салып тұрған соң, ерден кетсе де, елден кетпейтін қаралы әйелдерше, көлденең тартқан атқа амалсыз қонған. С.Жүн. * Қазір де түсі қабарып “Жиналысты аш давай” деп, Жорға Күреңді тақымдап дігір салды. С.Елу.
