Posted in

ДІЛГІР ЕМЕС

Мұқтаж емес, қызықпайды, керек етпейді. ~ Менде басы артық әңгіме жоқ. Және мен басқаның әңгімесіне ділгір емеспін. Жұмыс бастан асып жатыр. С.Жүн. ~ Сақып-Жамалдан бала көрмесе де, оны бір төбе, өзге алты әйелін бір төбе санады. Балаға ділгір емес әмірші тіпті осы жас тоқалының осылай қысыр бедеудей, үнемі жараулы жүргенін ұнатты. І.Ес. ~ Туған анасы мен жас сәбиін зарлатып кеткен тірі өлікті Алла қайдан жақсы көрсін. Өйткені оның аты Хақ Тағала. Әділ Алла сен сияқтыларға ділгір емес. Ібілістің сілімтіктері, сайтанның сапалағы, жинал, түс алға! АҚ. “Дара сезім”.