Posted in

ДІНІ ҚАТТЫ

Аса қатал, өз ұстанымынан қайтпайтын. бірбеткей жан.
~ Дәл қазір төртпақ дене зұлымдықтың ұясына, аранына ұқсап кетті. Қатираны үрей буды. Мақанның діні қатты, сесі мықты, әмірі жүрдек жазалауы жылдам екенін тәуір біледі. С.Смат. ~ Діні қатты, еркек тұрпатты Ұмсындық қана екеуін жұбатып: «Болар іс болды. Енді қайтып барсақ, үшеумізді де қара есекке теріс мінгізіп, ел алдында масқара етеді» – деген. Ш.Құм. ~ Әміртайдың шешесі бұған не дейді! Діні қатты адам сияқты еді, «баламнан аулақ жүр!» десе не бетін айтады? Б.Тоғ.