Posted in

ДІҢКЕСІН ҚҰРТТЫ

Әбден шаршатты, мезі қылды. Жылпылдақтардың күні туды, пышағын жалақтатып, көздерін алақтатып, иіс, қоңыс аңдып қанша қысып астын үстіне айналдырса да, Омардың бит шаққандай хабарына бармады. Шашылмады. Жыпылдақ-тықылдақ өсек-мөсек тасушы сұмдарды есігінен де қаратпады. Діңкесін құртты. С.Тор. ~ … Омар мен бәйбішесінің айтағы, алып кел,
барып келі әбден ерқашты қылған жігіттің жынына тиіп, діңкесін құртатын. О.Бөк. ~ — Осы қырғын ұзаққа кетеді мен білсем… Екеуміз қатар сөнсек қандай арман болар еді! Бірімізді жалмап жұтып, бірімізді қалдырып діңкені құртпай ма бұл тағдыр?! Ғ.Слан.

ә)Құмар қылды, ынтықтырды. ~ Сол ғой, менің діңкемді құртып отырған. Өзегіме құрт түсіп кетті ғой… Несі барын білмеймін, арбады да қойды. К.Өтж. ~ Жасы егде полковникті діңкесін құртып, әлі де жас, сұлу қызымен ынтықтырады. Ж.Ахм. ~ Бәкизат өзі ұнатқан еркекті емешесін үзілтіп ынтықтыра түсу үшін де әдейі өститін…Кейде, әлгінде шиборбай, сыптығырға көңіл бөлмей қойғанындай діңкесін құртса, енді бірде онымен балаша ойнап “тю-тю!” деп сұқ саусағын тұмсығының алдынан бір-екі безейді де, түк демей жөніне тартып кете береді. Ә.Нұрп.