Posted in

ДІТТЕГЕН ОЙ

Алдына қойған мақсаты. ~ Қоразбай діттеген ойын бекіте түскісі келіп: Сіздер әзірше осы жерден қозғалмаңыздар, – деді. Б.Тоғ. ~ “Мына жарық дүние не болып бара жатыр” деп түңілді Айтуар. Былай бұрылсаң – саушылық күйрейді, былай бұрылсаң – діттеген ойың жарға тіреледі. Д.Дос. ~ Бұл сөзге ешкім қарсы дау айта қойған жоқ. «Жаңа салт, игі дәстүр» дегеннің мәніне түсінгендер шамалы болса да, Мейірбек өзінің діттеген ойы орындалғанына іштей риза. Б.Тоғ. ~ Теңсіздіктің төркіні тым арыда жатқаны рас. Бірақ оның да шет- шегі болуы керек қой, – деді Ли- шансың өзінің діттеген ойын айтпай тынбайтын әдетімен. Қ.Жұм. ~ Әй, дегенмен діттеген ойыма жете алмадым-ау! – деді Қарасай басын шайқап. – Қайратым қайтып қалған ба, қалай? Б.Нұрж.