Posted in

ДОЙЫР МІНЕЗ (МІНЕЗДІ)

Дөрекі, дөкір, шадыр, бір ұрт. ~ Мәлік сонда ғана есін жиып, қыздардың кеткенін бір себептен дұрыс көрді. Бұдан кейін Кәріпжаннын дойыр мінезіне тап болуы да мүмкін… Қайтып келсе, Кәріпжан «дастарқан» жиегінде талтайып отыр. Б.Тоғ. ~ Ол қан ұстап туған Шыңғыстың да әулеті емес, топырақ ұстап туған қытайдың да әулеті емес, аттың жалында туылып, кіндігін ердің қасына төсеп тұрып Зұқа батыр балтамен кескен, түйенің қомында ержеткен қазақи дойыр мінезді дала көкжалы еді. Ж.Шәк. ~ Неге бүйтті? Апақ-сапақта қалың егін арасында жігітпен оңаша неге қалды? Дойыр мінезді біреу болып, тарпа бас салса… Бойы дір етіп, әлденеден қорықты. К.Қаз. ~ …ақыры Нүркенің көңілін суытпаққа дойыр мінезге басып, дөгір қимыл көрсетіп оны өзінен үркіткісі келгендей болғанымен одан жасып, жасқанып, беті қайтқан Нүркен болмады. Б.Жұм.